Жаңалықтар тізбегі
0

Есік пен қабырғаны сындырған: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған үш тұрғын жазаланды

Есік пен қабырғаны сындырған: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған үш тұрғын жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2024 13:41 Сурет: instagram.com/akimat__astana
Астанада құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтап, оларды жауапқа тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 4 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында 29 жастағы астаналық қонақ үйдің алдыңғы есігін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірді.

Сол күні сағат 20:30 шамасында елорданың ойын-сауық орындарының бірінде 33 жастағы қала тұрғыны жанжал шығарды. Ашу үстінде ол бөлменің есігі мен қабырғасын әдейі зақымдаған. Осы ісімен шамамен 100 АЕК мөлшерінде материалдық шығын келтірді.

Тағы бір оқиға 11 қарашада түскі уақытта болды. 34 жастағы ер адам қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, өзгелерді қорлаған.

Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың бәрі табылып, жауапқа тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: