Терезе мен есікті сындырған Астана тұрғындары жазаланды
Сурет: Астана әкімдігі
Астаналық полицейлер вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзғандармен күресті жалғастырып жатыр. Астананың екі тұрғыны өзгенің мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның бірі 22 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында болғанын хабарлады. 34 жастағы әйел Жансүгіров көшесіндегі 12-үйдің терезесін сындырған. Ол 36 145 теңге шығын келтірген.
"Осыған ұқсас оқиға бірнеше күннен кейін Мұхамедханов көшесі, 12-үйде болды. 39 жастағы ер адам пәтердің кіреберіс есігін қасақана бүлдірген", - деп хабарлады әкімдік.
Екі тәртіп бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript