Жаңалықтар тізбегі
0

Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 астаналық жауапқа тартылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 11:40 Сурет: ҚР ІІМ
Жыл басынан бері бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 астаналық жауапқа тартылған.

Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді. Мұндай фактілер анықталса тиісті шара қолдану үшін "102" арнасына хабарласуды сұрайды.

Қала меншігіне ұқыпты қарауға және бұзақылық әрекеттері үшін жазаның күшейтілгенін еске салады. Мәселен елордада жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 900-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 адамға айыппұл салынды.

Атап айтқанда 32 жастағы Астана тұрғыны бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Бұған дейін ер адам халықаралық әуежайдың тұрағынан шығып бара жатып, қолымен автоматты шлагбаумды көтеріп, сол арқылы өз әрекетімен бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген.

Сонымен бірге полиция бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен немесе ерекше арсыз әрекеттерді жасаумен байланысты қоғамды ашық сыйламаушылықты білдіретін қоғамдық тәртіпті ерекше батыл бұзу, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бұл қылмыс екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: