Павлодарда өзгенің мүлкін қасақана бүлдірген 194 азамат жауапқа тартылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 10:53 Фото: pxhere
Павлодар қаласында жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушылардың қатарында қоғамдық мүлікті бүлдіру фактілері жиі кездесуде.Мәселен, Чайковский көшесінде мас күйінде жүрген қала тұрғыны кірпіш лақтырып, үй ауласындағы Toyota Camry автокөлігінің артқы терезесін сындырған.

Бұл әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және вандализм актілеріне бей-жай қарамауға шақырады.

Қоғамдық тәртіпті бұзу және мүлікті бүлдіру деректері анықталған жағдайда "102" арнасына хабарласу қажеттігін еске салады. Вандализм үшін жауапкершілік күшейтілгенін де еске саламыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: