Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды

ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 16:56 Сурет: ҚР ІІМ
Республика азаматтары шетел азаматтығын өз елінде жоғалтпай алған жағдайлар жиі кездеседі. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықты ресімдеу кезінде анықталған бұзушылықтар үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айында көші-қон қызметінің қызметкерлері өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады.

Алайда ол туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған. 29 мамыр күні Риддер қаласының әкімшілік сотының шешімімен шетелдік әйел Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды естеріңізге салады.

Бұзушылық болған жағдайда азаматтар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл 100-ден 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: