Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да қос азаматтық үшін 50-ден астам азаматқа айыппұл салынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 22:26 zakon.kz
Азаматтар зейнатақы және де басқа да жеңілдіктер үшін басқа елдің азаматтығын алғандарын хабарламайды.

ҚР заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанын тіркеу қажет, деп ескертеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының құжаттарын келуге және тұруда қолдануда. Азаматтар зейнатақы, әлеуметтік және де басқа да әр елде белгіленген жеңілдіктерді қолдану үшін басқа елдің азаматтығын алғандарын хабарламайды.

Ағымдағы жылдың маусым айының ортасында Көші-қон қызметі қызметкерлері Глубокое ауданының тұрғынын анықтады, ол 2002 жылдың маусым айында Алтай өлкесі Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ол, көші-қон заңнамасын елемей, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктен Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды және Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқандығы туралы өтініші тіркелді.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа тыйым салынатынын ескертеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: