Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жыл басынан бастап теміржол бойында 55 адам жарақаттанған

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 19:46 Сурет: Көліктегі ПД баспасөз қызметі
Жыл басынан бастап 15 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті 2022 жылдың басынан бастап пойызды шұғыл тежеу бойынша 1 168 фактіні тіркеді. Оның 250-і - адамдардың темір жол үстінде болуы, 768-і - малдың темір жол үстінде болуы.

Барлығы 15 175 азамат белгіленбеген орындардан темір жолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департамент бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, биылғы жылы пойыз кесірінен адамдардың жарақат алуы бойынша 55 жағдай тіркелген.

Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Кісі өлімі фактісі де кездеседі.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі теміржол транспортына қатысты қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Бұл - теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту, адамдардың бейқамдығы әрі абайсыздығы, жаяу жүргіншілер көпірі мен туннельдерді пайдаланбауы. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев

Оның айтуынша, музыка тыңдап, құлаққап таққан жастар көбінесе келе жатқан пойыздың, локомотивтердің дауысын естімей қалады.

Бұл статистика кәмелетке толмағандарды да, ересектерді де бей-жай қалдырмай, денсаулығы мен өмірі тек өздерінің ұқыптылығы мен жол ережелерін қатаң сақтауына байланысты екенін бір сәтке жадыларынан шығармауы керек. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев

Департаменттің мәліметінше, жыл сайын теміржолда пойыз астына 1000-ға жуық мал (сиыр, жылқы, қой) Көбінесе локомотивпен соқтығысып, бір мезетте екі-үш немесе одан да көп бас мал өледі. Осы жылдың 7 айында Көліктегі полицейлер 7000-нан астам азаматты теміржол үстіне мал жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: