Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада патрульдеу барысында полиция қызметкерлері сауда үйлерінің бірінің жанындағы аялдамада орындықта ұйықтап жатқан ер адамды байқады. Қоғамдық орында болу себебін анықтау кезінде азамат кенеттен агрессия танытып, жерден тас алып, аялдама павильонының шынысын сындырған.
Сондай-ақ ер адамның жол жүру бөлігін кесіп өтіп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіргені анықталды.
42 жастағы құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Сурет: polisia.kz
Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактілері бойынша 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 61-і қамауға алынған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript