Астана әуежайында ерсі қылық танытқан Қытай азаматы жауапқа тартылды

Көліктегі полиция, Астана, әуежай, Қытай азаматы, жауапқа тарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 19:55 Сурет: Көліктегі полиция департаменті
Астана халықаралық әуежайында Қытай азаматы қоғамдық тәртіпті бұзып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің 2025 жылы 17 қарашада хабарлағандай, Астана қаласының халықаралық әуежайының екінші қабатын патрульдеу барысында ішкі әуе рейстеріне арналған күту залында полиция қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 47 жастағы азаматын анықтады. Ол қоғамдық мінез-құлық нормаларын бұзып, белгіленбеген жерде мұрнын сіңбіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орын­­­­­­­ды ластаған.

"Көлік полицейлері құқықбұзушыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көліктегі ПД қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Мұндай құқықбұзушылықтар айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, адамдар көп жиналатын орындардағы белгіленген тәртіпті бұзады", - дейді полициядағылар.

2025 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаменті әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 80 886 адамды жауапкершілікке тартты, олардың 7 049-ы қоғамдық орындарды ластағаны үшін жазаға кесілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: