Риддерде ойын алаңын қиратқан жасөспірімдер анықталды

ойын алаңы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2024 15:57 Сурет: polisia.kz
Жасөспірімдердің бұл әрекетіне жергілікті тұрғындар шағымданды. Полиция құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларды жауапқа тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 мамырда Instagram-дағы парақшалардың бірі Риддер тұрғындары екі жігіттің қалалық ойын алаңдарының бірінің экспонаттарын қиратып жатқан сәті түсірілген видеоны жариялаған.

Қала тұрғындарының ескертуін елемей, олар өздерінің іс әрекетіне ешқандай жауапкершілік болмайтынын, ескі ойын алаңының орнына жақын арада жаңасын салатыны туралы ақпарат желіде тарағанын айтқан, бірақ ер балалар бұл жазбаны тауып, көрсете алмаған.

Полицейлер 14 және 15 жастағы жергілікті тұрғындардың заңды өкілдерін бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: