Қостанайда коммуналдық қызметтің қызметкерлері адам сүйектерін тауып алды

Қостанайлық полицейлер коммуналдық қызметтер тапқан адам сүйектерінің жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға хабарлама сағат 14:30-да келіп түскен. Қаңқаларды Мәуленов - Дощанов көшелерінің қиылысындағы құбырларды ауыстыру кезінде КЖЭК қызметкерлері тапқан.
"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында
Айта кетейік, сәуір айында Көкшетау зиратынан адам сүйегі салынған пакет табылған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript