Гавай аралындағы орман өртінен 101 адам қаза тапты

Гавай аралындағы орман өртінен 101 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 13:48 Сурет: picryl
Гавай аралдарының билігі Мауи аралындағы орман өрті салдарынан қаза тапқан 101 адамның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, орманның кейбір өртенген жерлері әлі толық ауыздықталмаған. Осы жолғы өрт АҚШ-та ғасырдан астам уақыт тіркелмеген көп адам өліміне себеп болды.

Қатты желдің салдарынан өрт Лахайна қаласын шарпыған. Өрт 13 мың тұрғыны бар қаланың барлық ғимаратын қиратқан. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр.

АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті зардап шеккендерді анықтау және қалдықтарды өңдеу үшін патологоанатомдар мен техниктер тобын, сонымен бірге тексеру үстелдерін, рентген аппараттарын және басқа да жабдықтарды жіберді. Қайтыс болған 101 адамның тек төртеуі ғана табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: