Гавай аралындағы алапат өрттен алты адам қаза тапты
Бұл туралы CNN жазды. Лахайна қаласы өрттен іс жүзінде түгел өртеніп кетті. Көп адам баспанасынан айырылды.
Гавайидегі өрт сейсенбіде басталған. Өрт күшті желдің салдарынан тез тараған. Ол архипелагтан мың шақырымнан астам жерде шарпыған "Дора" дауылын келді. Кейбірі жалыннан құтылу үшін өзін мұхитқа тастауға мәжбүр болды. Куәгерлер өрттің салдарын "күл мен қоқысқа толы ақырзаман көріністері" деп сипаттайды.
"Аралымызда жалғасып жатқан үш өрттің салдарынан біз түрлі қауымдастық пен қалалардан 13 эвакуация жасадық.16 жолды жауып, бес баспана аштық", - деді Мауи мэрі Ричард Биссен.
13 мыңға жуық адам тұратын тарихи Лахайна қаласы өрттен жанып кетті. Ол Мауи аралындағы туристік табыстың 80%-ға жуығын қамтамасыз ететін еді. Былтыр ол жерге 2,9 миллион саяхатшы келген.
Билік тұрғындар мен туристерді шұғыл эвакуациялауға шақырды. Сәрсенбіде ғана 11 000 адам аралды тастап кетті, тағы бірнеше мың адам әуежайларда күтіп отыр.
Мауи аралында 117 мыңға жуық адам тұрады. Өрт төтенше жағдайлар департаменттерінің жұмысын тоқтатып, 12 мыңға жуық үйді жарықсыз қалдырды. Қазірдің өзінде өрттерге 150 мың галлоннан астам (567,8 мың литр) су төгілді. Өрт сөндірушілер ең қиыны артта қалды деп үміттенеді: өртті жоғары жылдамдықпен қозғаған дауылдық жел бейсенбіде әлсірей бастады, дегенмен бұл өрт тоқтайды дегенді білдірмейді.
Осы жаздың басында Канадада ірі орман өрті шығып, Америка құрама штаттарының солтүстігін түтін басып қалды.