Жаңалықтар тізбегі
0

Гавайидегі орман өртінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті

АҚШ, Гавайи аралы, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 10:24 Сурет: pixabay
Гавайидегі Мауи аралын шарпыған орман өрті кем дегенде 53 адамның өмірін жалмады. Өрттен қаза болғандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Губернатор Джош Гриннің айтуынша, бұл алапат өрт штат тарихындағы ең ірі табиғи апат болып отыр. Қаза тапқандар саны 61 адамның өмірін қиған 1960 жылғы цунамиден де асып түсуі мүмкін, деп жазды The Guardian басылымы.

Апат сейсенбі күні кешке басталды. Жалынның тез тарағаны сонша, зардап шеккендердің кейбірі мұхитқа секіріп, қашып үлгерді, оларды жағалау күзеті құтқарған. Кем дегенде 30 адам өртеніп, мыңдаған адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

Экипаждар арал тұрғындарын жаппай эвакуациялап, тірі қалғандарды іздестіріп жатыр. Өрт аумағы үлкен, аралдағы тарихи қала – Лахайна толықтай жанып кетті деуге болады.

Бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден орман өртінен зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін федералды көмекті пайдалануға мүмкіндік беретін Мауи апаты туралы хабарландыруды мақұлдады. Байден бұл федералды көмек "жақынынан айырылған, үйі бүлінген немесе қираған әрбір адамға дереу көмек көрсетуге бағытталған" деп уәде берді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: