Қостанайда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Қостанай, есірткі, күдікті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 11:07 Сурет: polisia.kz
Қостанайлық полицейлер "Ксанакс" таблеткаларының және есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 жастағы қостанайлық тұрғынның үйінен айрықша заттар салынған бес шыны құты және екі полимерлі Zip-пакет табылды.

"Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адам құтыларда кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар "Ксанакс" дәрілік препаратымен таблеткалар табылды".Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының м.а. Амир Нигматзанов.

Ол бір келіге жуық марихуана, 65 гр кептірілген саңырауқұлақ, сондай-ақ 312 дана "Ксанакс" таблеткасы тәркіленгенін айтты.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: