Алматыда полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі

Мефедрон, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 19:12 Сурет: pxhere
Алматы полициясы заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері Lexus көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан ұнтақты зат салынған 20 байлам және екі бірдей полиэтилен бумасы табылды.

Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынынан 5 келіге жуық ұнтақты зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген шөптің жалпы салмағы 4,7 келіні құрайтын синтетикалық “мефедрон” есірткісі екендігі анықталды. Қазіргі таңда есірткі тарату жолдарын, арнасын анықтап жатырмыз. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: