Астанада жасөспірімдер оқушыны ұрып-соғып, оны видеоға түсірген

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 12:49 Фото: pexels
Астана полицейлері елорда орталығында қатыгездік көрсеткен жасөспірімдердің жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы 2026 жылғы 18 қарашада Threads әлеуметтік желісінде оқиғаның куәгері болған Астана тұрғыны жазды. Оның айтуынша, жағдай кешкі уақытта сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында болған. Жасөспірімдердің бірі баланы қолымен және аяғымен ұрған, екіншісі болған жағдайды видеоға түсірген, ал үшіншісі сырттай бақылап тұрған.

"Сырт көзге жасөспірімдер 12-14 жаста сияқты көрінді. Әріптесім екеуміз тоқтап, олардың не істеп жатқанын, баланы не үшін ұрып жатқанын сұрадық. Жәбірленушінің күртесі мен рюкзагын шешіп қойған екен", – деп жазды әйел.

Алайда жасөспірімдер өздерінің дос екенін және жай ғана ойнап жүргенін айтқан. Кейін астаналық әйел оларды LRT станциясынан қайта кездестірген. Жасөспірімдердің бірі баланың мойнынан қысып ұстап тұрған. Әйел олардан қорлауды тоқтатып, түсірілген видеоны өшіруді сұраған. Бірақ жасөспірім оның өтінішінен бас тартқан.

Осыдан кейін әйел LRT қызметкеріне барып, полиция шақыруды өтінген.

"Осы кезде пойыз келіп қалды. Жасөспірімдер қызметкердің сөзін тыңдамай, вагонға қарай жүгірді. Мен де арттарынан кірдім, есіктер жабылып қалды. Келесі станцияда полиция инспекторы мінді. Шынымды айтсам, оқиғаның немен аяқталғанын білмеймін. Олардың барлығы "Театр" станциясынан бірге түсті, ал мен жолымды жалғастырдым", – деді куәгер.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің жеке басын анықтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері расталған жағдайда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, заңда көзделген негіздер болған кезде тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады полиция.

Бұған дейін Алматыда да қатыгездік оқиғасы тіркелген еді. Балалар алаңында бір топ жасөспірім баланы ұрып-соққан. Жәбірленушінің анасы баласын қорғауға шыққанын, алайда соңында өзіне қарсы арыз жазылғанын мәлімдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: