Астанада жүріп, желіге видео жүктеген семейлік жүргізуші бірден үш айыппұл арқалады

Полиция, айыппұл, Астана, Арыс көпірі, семейлік жүргізуші, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 22:58 Сурет: Zakon.kz
Абай облысының полицейлері "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Семей қаласының тұрғынын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полиция департаментінің мәліметінше, ол достарымен бірге Арыс көпірінің автожол бөлігінде серуендеп, бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алайда интернеттегі "атақ" оны жауапкершіліктен босатқан жоқ.

"LADA PRIORA автокөлігінің жүргізушісі туған қаласына оралған соң, бірден ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау, белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, көлік құралын тоқтату қағидаларын бұзу. Сондай-ақ көпірде жаяу жүрген жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Аймағамбетов Қазақстандағы айыппұлдар жүйесін сынға алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: