Ал пәтер ұрлығының тіркелімі өткен жылмен салыстырғанда 109-дан 158-ге өскен, ашылымы керісінше артқан. Яғни, ауыр дәрежелі пәтер ұрлығының ашылымы 75,6%-ға, орта дәрежелі пәтер ұрлығы 86,4%-ға көтерілді.
Біздің полицейлер пәтер ұрлығының алдын алу бағытында ауқымды іс-шаралар атқарып келеді. Мысалы, учаскелік полиция инспекторлары өзіне бекітілген әкімшілік аумақтағы жергілікті халықпен тұрақты түрде “Ұрылардан сақ бол”, “Пәтер ұрылары” тақырыбында кездесу, түсіндіру жұмысын жүргізеді. Адамдар көп шоғырланатын орындарға ескертпе мәтіндер, үлкен билбордтар ілініп, таратылады.Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ердәулет Амантаев
Сонымен қатар телеарналарға, ақпараттық сайттарға, әлеуметтік желілерге ескерту ретінде дайындалған бейнероликтер жарияланады.
Барлық облыс тұрғындарын ұры-қарыдан сақтануға кеңес беремін. Қарапайым ғана қауіпсіздік шараларын ұстану арқылы ұрылардың жолын кесуге болады. Әсіресе, пәтер ұрыларынан сақтану үшін міндетті түрде терезеге темір тор орнатқан жөн. Бағалы заттар мен алтын бұйымдарын тиісті сейфтерге сақтау қажет. Сонымен қатар мүмкіндігінше бейнебақылау камерасын орнатып, дабылқаққыш қоюға кеңес береміз. Күзет агенттіктерінің күшін пайдалану да осы қауіпсіздік шарасына жатады.Ердәулет Амантаев
Түркістан облысында ПД-нің баспасөз қызметі “Пәтерді ұрылардан қалай қорғауға болады” тақырыбында ресми парақшада брифинг өткізді.