Қаңтар оқиғасы: мергендердің бірі анықталды

Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов бүгінде полиция мен әскерилерге оқ атқан төрт мерген белгілі болғанын, олардың біреуінің жеке басы анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы прокурорлар сот-молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысы бойынша Алматыда қаза тапқан мергеннің жеке басын анықтады. Барлығы төрт мерген болған. Сыбайластар өлтірілген ер адамның денесін шатырдан алып, қалалық аурухананың аумағына тастап кеткен, кейін ол қалалық мәйітханадан табылды. Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов

Оның айтуынша, мерген С есімді азамат болып шықты, ол қаңтар оқиғасы кезінде тұрғын үйдің төбесінде тұрып, Алматы қаласы полиция департаментіне қарай оқ атқан.

Қилымжанов қазіргі уақытта қалған үш лаңкесті анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұл ретте ол адамдар өлімінің мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Осындай барлық фактілер бойынша жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Қызылорда облысында 24 адамға қатысты табельдік қаруды қолдану себептері себептері анықталды. 5 қаңтарда Қызылорда облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалды. Террористер жүк көлігімен ғимарат қақпасын соғып кіріп, аңшы мылтықтарынан оқ жаудырған, бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік көліктерді өртеген.Елдос Қилымжанов

Осыған байланысты полицейлер қызметтік қаруды қолдануға мәжбүр болған: әуелі аспанға оқ атқан, сосын шабуыл жасағандардың аяқ-қолын нысанаға алған.

Алайда бұл оларды тоқтатпады. Алкоголь мен есірткінің әсерінде болып, ғимаратқа бірнеше рет шабуыл жасады. Екінші шабуылдан кейін алты адамнан тұратын топ келіссөзге жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырды. Осы сәтті пайдаланып, бұрын сотталған О есімді келіссөз жүргізушінің бірі рота командирі Естаевқа шолақ мылтықтан оқ атқан. Қарсы атылған оқпен оның көзі жойылды. Көптеген жарақаттарын алып, көп қан жоғалтқан Естаев ауыр халде реанимацияға жеткізілді. Оның өмірін дәрігерлер әрең сақтап қалды.Елдос Қилымжанов

Барлығы 12 сағат қоршау кезінде жергілікті полиция қызметінің ғимаратына 10-нан астам қарулы шабуыл жасалды. Оларға тойтарыс беру нәтижесінде 20 шабуылшының көзі жойылды.

Сондай-ақ Қызылорда полиция басқармасының ғимаратын басып алуға әрекет жасалды. Шабуылға тойтарыс беру кезінде төрт шабуылшының көзі жойылды. Сол күні Атырау облысында қылмыскерлер полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлерге зорлық-зомбылық көрсету арқылы әкімдік ғимаратын қиратты. Полиция қызметкерлерінің көпшілігі ауыр дене жарақаттарын алса да, соңына дейін қару қолданған жоқ. Бірнеше рет ауада атып, адам өміріне қауіп төнген соң полиция қызмекерлері қару қолданды. Салдарынан бір шабуылдаушы қаза болды.Елдос Қилымжанов
Қазақстан ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: