Ақтөбе облысында оқушы жасөспірімді қорқытып-үркітіп, атына несие тіркеткен

Сурет: Zakon.kz
Зардап шегушінің атына күштеп 330 мың теңге көлемінде несие рәсімделген. Қаскөй ол ақшаны жаңа телефон сатып алуға жұмсамақшы болыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, 4 сәуірде полиция бөліміне 17 жасар колледж студентінің ата-анасы көмекке жүгінген. Олар бейтаныс жасөспірім ұлын қорқытып-үркітіп, атына несие тіркеткенін айтты.

Полицейлер жергілікті мектептердің бірінің 11 сынып оқушысын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Бұл баптың санкциясы айыптының мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды