Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел ажырасып кеткен жұбайынан зардап шегіп жүргеніне шағымданып, осыған дейін полицияның көмегіне екі рет жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жайсыз оқиға 13 сәуірде таңертең Сығанақ көшесінде орын алды. Бұрынғы әйелімен сөзге келген 25 жастағы астаналық оған жұдырық ала жүгірген. Болған оқиға сыртқы камераларда жазылып қалған.

Аталған факті Есіл аудандық ПБ-да тіркелді, айыпты ер адамның тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі

Жәбірленуші әйел ажырасып кеткен жұбайынан зардап шегіп жүргеніне шағымданып, осыған дейін полицияның көмегіне екі рет жүгінген. Ер адамға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылып, оны бұзған жағдайда не болатыны түсіндірілді. Дегенмен, қудалау жалғаса берген.

Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, ұртоқпақ ер адам екі рет кінәлі деп танылып, сот "ескерту"түріндегі әкімшілік жаза қолданған болатын.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді