Кісі қағып, мерт қылған жол талғамайтын көліктің қашқын жүргізушісі ұсталды

Сурет: pixabay
14 сәуірде "Алматы-Қорғас" тас жолында жол апаты орын алды. Жол талғамайтын көлік Өтеген батыр ауылының маңында 47 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасына екі автокөлік себепші.

Алдын ала нұсқа бойынша, екі көлік бір бағытта бір-бірімен параллель жүріп келе жатқан. Кенет алдыдан жаяу жүргінші атып шығады.

Mercedes жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетпес үшін рөлді шалт бұрып, жол жиегінен ары қарай аударылады. Көлік ішіндегі адамдар жеңіл жарақат алды. Toyota Land Cruiser болса, жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Бірнеше сағатта жүргізушінің жеке басы анықталып, одан жауап алынды. Ол 36 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, яғни "Жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру" және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кету" бойынша қылмыстық тергеу шаралары қолға алынды.

Қажетті сараптамаларды тағайындау фактісі бойынша тергеуді облыстық полиция департаментінің анықтаушылары өз өндірісіне алынды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды