Қарақшылық шабуыл. Алматыда ақша айырбастау орнында ерлі-зайыптыларға оқ атылған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы полицейлері ақша айырбастау пунктінің клиенттеріне жасалған тонау фактісін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полицияның мәліметінше, Жетісу-4 ықшам ауданындағы ақша айырбастау пунктінде қарақшылық шабуыл орын алды.

Белгісіз біреулер ақша айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған. Тонау кезінде олардың рюкзактары бос болған. Бірақ шабуылдаушы басқаша ойда болған. Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыларға оқ атқан. Абырой болғанда, олардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай залал келмеген. Арнайы тергеу-жедел тобы қаскөйдің ізіне түсті. Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды. Қазір ол Алматыға жеткізіліп, қамауға алынды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді.

Құзырлы ведомства тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды