Нұр-Сұлтанда подъезде 16 жасар қызға тиіспек болған ер адам видеоға түсіп қалған

Сурет: видеодан алынды
Қыз бала үйіне сағат 21:05-те оралады. Алайда подъезге артынан ере кірген бөтен ер адам оны баспалдаққа жібермей, қабырғаға қыса түсуге тырысады. Абырой болғанда, қыз одан сытылып кетіп, өз пәтеріне жете алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамның қыздың ізіне түсіп, қуған сәті подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Биыл 18 сәуірде сағат 22: 22-де "102" арнасына елорда тұрғынынан өзінің 16 жасар қызына үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам тиіспек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, алынған видео іс материалдарына тігіледі. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұл факт полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті