Полиция қызметкерлері оқиғаның шынайы емес, әлеуметтік эксперимент ретінде түсірілген пранк екенін мәлімдеді.
Бұған дейін жоққа шығарылмаған, Алматының Алатау ауданында болған оқиға – пранк. Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Видеода алып қашпақ болған Т есімді 2004 жылғы қыз екені белгілі болды.
«Мен бұл әлеуметтік эксперимент – пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», – деді ол.
Сондай-ақ полицейлер «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И есімді азаматты анықтады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.