Таксист жігіт жанармай бекеттеріне қарулы шабуыл жасады деген күдікке ілінді

Сурет: pixabay
25-інен 26 сәуірге қараған түні Талдықорғанда бетін бүркеп алған белгісіз ер адам жанар-жағармай бекетіне кіріп, кассир әйелді тапаншамен қорқытып 70 мың теңгені иемденді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер 27 жастағы жергілікті такси жүргізушісін ұстады.

Тонаушының болжамды алған бағыттары тексерілді. Жақын орналасқан тұрғын үй кешендері мен саяжайларға көз жүгіртілді. Республикалық трассалардың бірінің бойынан жедел уәкілдер жеңсіз күртеше, көз маңы ойылған тоқыма шәпкі мен ішінде асығыс-үсігісте 10 мың теңге қалып кеткен ұрланған қол сөмкені тапты. Нәтижесінде біз күдіктіні анықтай алдық, ол 27 жастағы талдықорғандық болып шықты. Ол жалға алынған Toyota Camry көлігімен кісі тасумен айналысады. Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары бұған дейін, 24-інен 25 сәуірге қараған түні күдікті Алматының Әуезов ауданындағы жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны анықтады. Бұл жолы да жас жігіт кассирді қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

Ұсталған азаматтың автокөлігін тінту кезінде алты патроны бар РС-31 револьвері табылды, оны екі қылмыста да қолданған. Қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Күдікті қамауға алынды. Тіркелген фактілер бойынша қылмыстық тергеу ҚР ҚК 192-бабы, "Қарақшылық" бойынша жүргізіледі. Ұсталған ер адамның атыс қаруының басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы мұқият тексеріледі.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті