ОВ 156/2 және 156/3 колонияларының қызметкерлері тыйым салынған заттарды облыс мекемелеріне лақтыру және мекеме аумағына алып өтпек болған тұлғаларды ұстады.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Олардың арасында колониядағы сотталғандарға сабақ беретін кешкі мектептің қызметкері де бар, ол блокнот парағына сим карта жапсырып, мектеп құжаттарымен оны мекеме аумағына кіргізбек болды. Сонымен қатар өсімдік тектес жасыл затты жасырын түрде көлік ішіне жасырған КамАЗ жүргізушісі де ұсталды. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Өскемен қаласының тұрғыны арнайы тәртіптегі колония аумағына шприц, трамадол және алкоголь салынған пакетті лақтырмақ болды.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Барлық деректер бойынша Ертіс және Согра ББ жедел тобы шақырылды. Сондай-ақ, тыйым салынған барлық заттар тәркіленіп, ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Барлық ұстанған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар, кешкі мектеп қызметкері тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін жұмысынан айрылуы мүмкін. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі