Үйінде отырған Қазығұрт тұрғынын екі әйел гипноз арқылы тонап кеткен

Сурет: polisia.kz
Қазығұрт тұрғынын көз алдында алдап, алтыны мен ақшасын тонап кеткен өзбекстандық екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 12 мамыр күні күндізгі уақытта жергілікті тұрғын шағымданып, екі әйелге алданғанын, олар гипноз арқылы көз алдында алтындарын жымқырып кеткенін айтып шағымданды.

Егде жастағы әйелдің айтуынша, оның үйіне өзге ұлттағы екі әйел келген.

Олар жәбірленушіге үйіңде дуа бар, соны тазалап береміз деген желеумен өздерінің тазалау әрекеттерін жасап, осы аралықта тұрғынның алтын алқасын, саусағындағы алтын сақинасы мен 100 мың теңгеден астам ақшасын алдау жолымен әкетіп қалған. Олар кеткен бойда есін жинаған әйел бірден полицияға хабарласып, алаяқтарды ұстауға көмектесуін сұрады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тәжірибелі полицейлер жәбірленушінің айтқан белгілері бойынша жедел іске кірісіп, барлық қажетті шараларды жасады. Олардың мініп келген көлігі туралы үлкен трасса бойындағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлады. Осылайша жолдарды патрульдеп жүрген Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының алтыншы взвод қызметкерлері аталған күдіктілер мінген Lada Priora көлігінің ізіне түсті.

Жарты сағаттай жүріп, көлікті тауып, соңынан қуып жетіп, тоқтатты. Ал көлік ішіндегі әйелдер полицейлерді көрген бетте қаша жөнелген. Полицейлер бірден әрқайсысы әр жаққа қашқан әйелдерді түгелімен ұстады. Аталған күдікті екі әйелден алаяқтық жолмен алынған алтындар мен ақша айғақты зат ретінде алынды. Патрульдік полицейлер көлікте болған бес әйелді полицияға жеткізді. Олардың жеке басын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының тұрғындары екендігі анықталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Аталған жайт Қазығұрт АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер олардың Түркістан облысында орын алған басқа да алаяқтық істеріне қатыстылығын тексеруде.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты