32 жастағы ер адам жүргізуші куәлігін қолдан жасаған

Сурет: polisia.kz
Қулықты Қарағанды ​​облысынан Алматыға келген 1991 жылы туған Ш есімді азамат жасады. Ол жаппай жол апатына себеп болды. Істі қарау барысында полиция қызметкері күдіктінің жүргізуші куәлігінің шынайылығына күмәнданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша материал қаралып жатқан Әуезов аудандық полиция Басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінде жалған құжат жасаған ер адам анықталды. Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, кінәлі – Ш есімді азамат. Ол жаппай жол апатына себеп болды.

Күдікті жеке тасымалдаумен күн көретінін, өзін қорғау үшін қылмыс жасауға мұқтаж болғанын айтып отыр.

Істі қарау барысында полиция қызметкері күдіктінің жүргізуші куәлігінің шынайылығына күмәнданды: сурет онікі, ал ЖСН басқа адамдікі. Тергеу барысында жүргізушінің нақты деректері анықталып, 2019 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталғаны белгілі болды. Сол кезде сот үкімімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған, - деді Алматы қалалық Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Құжаттарды қолдан жасау дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша тіркелді. Оны Әуезов аудандық полиция Басқармасы тергеп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы