Қаскелеңде жол апатынан зардап шеккендер полиция көлігімен ауруханаға жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жол полициясы қызметкерлері жол апатынан зардап шеккендерді қызметтік көлікпен ауруханаға шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 мамырда Қаскелең қаласында жол апаты орын алды. 28 жастағы Lada 21705 жүргізушісі Наурызбай батыр – Жанғозин көшелерінің қиылысында 37 жастағы әйел мен 11 жастағы баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы орын алғанда сол маңнан аудандық патрульдік полиция взводының командирі Мирас Мыңжанов табылып, ол жедел жәрдем көлігін күтпестен зардап шеккендерді алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң қызметтік көлігімен ауруханаға жеткізді. Екі адамды дәрігерлердің қолына тапсырған полицей жол апатының барлық мән-жайларын анықтау үшін оқиға орнына кері оралды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен қатар, ЖКО фактісіне сәйкес ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеу басталды.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды