Алматы облысында мүгедек қызды өлтірді деген екі күдікті қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Сарқанд қаласында төрт жасар мүгедек қыздың өліміне қатысы бар деп күдік келтірілген екеуді қамауға алуға санкция берілді. Олардың бірі - баланың анасы, екіншісі - туған көкесі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың мүрдесі табылғаннан кейін көп ұзамай полиция марқұмның 19 жастағы анасын анықтады. Оның айтуынша, қыз церебральды сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ тумысынан ақыл-ойы кеміс. Анасыныі куәлік етуінше, осы жылдың ақпан айында бала ауырып, қайтыс болған-мыс. Күдіктінің 21 жастағы ағасы қыздың денесін қаланың шетіне алып шығып, жерлеген.

Оқи отырыңыз: Сарқандта қоқыс жәшігінен баланың мәйіті табылды

Тергеу барысында полицейлер ағасы мен қарындасының кісі өлтіргенін анықтай алды. Күдіктілер қызды тұншықтырып, денесін қаладағы шұңқырға апарып көмгендерін мойындады.

Сарқанд аудандық соты ұсталғандардың екеуін қамауға алуға санкция берді. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер қамауда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктілер мүлкін тәркілеу арқылы немесе мүлкін тәркілмей-ақ 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды