Түркістан облысында мектеп түлектері құжатсыз көлік айдаған

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектептер мен көшелерді тексеруді күшейтті. Тәртіп сақшылары көлік тізгіндеген кәмелетке толмаған үш мектеп түлегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі, яғни "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жасөспірімдер тізгіндеген екі көліктің де нөмірі ресейлік.

Тағы екеу мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлікпен құйғытып жүрген. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі, яғни "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта төрт автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелері мен көлік тәртібін өрескел бұзғандарды назардан тыс қалдырмайды. "Соңғы қоңырау" күні өткізілетін арнайы рейдтік іс-шаралар түнгі уақытта да жалғасады. Сондықтан жол ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жолдарда абай болыңыздар. Түркістан облысы ПД

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды