Референдум бойынша Бас прокуратураға алты шағым келіп түскен

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасы жалпыреспубликалық референдум ың-шыңсыз өткенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін прокуратура органдарына азаматтардан алты өтініш келіп түсті. Олардың бірі Бас прокуратураға, екеуі БҚО және ШҚО прокуратураларына, біреуі Ақтөбе облысының прокуратурасына жолданды. ҚР Бас прокуратурасының өкілі Азамат Сарғазин

Оның айтуынша, Бас прокуратураға Қарағанды облысының тұрғыны хабарласып, референдум бойынша өз пікірін білдіргені үшінTelegram-арналардың бірінің чатында негізсіз бұғаттауға ұшырағанына шағымданды. Қазір бұл өтінішті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қарастырып жатыр.

Референдумға қатысу құқығы мәселесі бойынша соттарға екі талап-арыз түсті. Екеуі де Алматыдан. Азаматтар учаскелік референдум комиссияларының тұрақты мекен-жай тіркеуі болмауына байланысты өздеріне дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беруден бас тартқан әрекеттеріне шағымданды. Соттың қарау нәтижелері бойынша талаптар қанағаттандырылып, бұл азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды. Азамат Сарғазин

Өз кезегінде Қазақстан ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов елімізде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі тіркелмегенін айтты.

Егер қандай да бір бұзушылықтар болса, оны атқарушы органдар, прокуратура, полиция міндетті түрде тексеріп, заңды шешім қабылдайды. Біз өз жұмысымызды жалғастырамыз. Елдегі жағдай тұрақты, - деді Атығай Арыстанов.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірлерінде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша дауыс беру аяқталды. Алдын ала деректер бойынша, республикамыз бойынша сағат 20:00 уақытында тіркелген дерекке сәйкес, 7 936 655 адам дауыс беруге арналған бюллетеньдер алды, бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 67,65%.

Қазақстандағы референдум
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді