Петропавлда скутер және мотоциклдің қатысуымен екі жол апаты орын алды

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол апаты 6 маусым күні орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңертең Набережная көшесінің бойында Audi көлігін басқарған 28 жастағы петропавлдық маневр жасау кезінде мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Yamaha-ның 34 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдеммен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. СҚО ПД баспасөз қызметі

Кешкі сағат 7-де Потанин көшесінде тағы жол апаты орын алды.

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі

Renault Duster көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші Alpha скутерін байқамай қалып, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы қала тұрғыны жарақаттар алды, делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

Барлық жол қозғалысының қатысушыларын сақ болуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, қос дөңгелекті көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары әрқашан да бекітілген мотоцикл дулығасын киюі тиіс, жарық шамдары қосулы болуы қажет. 16 жасқа толмағандарға және жол қозғалысы ережелерін білмейтіндерге скутерлерді басқаруға тыйым салынған. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?