Алматы облысында ер адам өзімен сөзге келген ерлі-зайыптыларға оқ атты

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полицейлері ерлі-зайыптыларға оқ атқан 24 жастағы талдықорғандықты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД мәліметінше, оқыс оқиға 8 маусымда Ескелді ауданының Қоңыр ауылында орын алған.

Жас жігіттің 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен сөзге келіп қалғаны анықталды. Оның арты төбелеске ұласып, бір кезде күдікті өзінің "Mitsubishi Pajero" көлігінен 12 калибрлі аңшы мылтығын алып шығып, ерлі-зайыптыларға оқ атқан. Оқтан жараланған әйел мен ер адам Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Күдікті көлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ауыл көшесінің шаңын шығарған. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өзіне жасалған ескертуден кейін ол өзін агрессивті ұстап, төбелесті ушықтырып, ақырында атыс қаруын қолданды. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бабымен қоса, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қолға алынды, - деп хабарлады Ескелді аудандық полициясы.

Қамауға алынған күдікті бұрын үш рет сотты болғаны анықталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аңшылық мылтық тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты