Теміртаудағы ТЖ: Төрт жұмысшының опат болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың (АМТ) еншілес кәсіпорыны "Құрылысмет" ЖШС-да ұстахана цехынындағы №9 пештің күмбезі құлауы салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға орнында Теміртау қаласының полиция департаменті мен полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталу үстінде.

Оқиға орнында ТЖД (27 қызметкер және 7 бірлік техника) және "Серіктес Өрт Сөндіруші" ЖШС (10 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмыс істеп жатқаны айтылады. Сондай-ақ оқиға орнында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД және өнеркәсіптік қауіпсіздік басшылары бар.

ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкімімен комиссия құрылады және топтық жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізіледі. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алдында АМТ цехында пеш күмбезінің құлауы салдарынан үйінді астында 5 адам қалып кеткені туралы хабарланған . Олардың төртеуі қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі