Жетісу облысында жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Жол апаты 11-інен 12 маусымға қараған түні Ақсу ауданындағы Тарас ауылының маңында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі "Setra" автобусының Зайсаннан Алматыға бағыт алып келе жатқанда жол апатына ұшырағанын хабарлады.Көлік тізгінінде 50 жастағы ер адам болған. Алматы — Өскемен тас жолының 396 шақырымында жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус аударылып қалды.

Оқыс оқиға орнында 66 жастағы әйел қаза тапты. Тағы үш жолаушы зардап шекті, оның ішінде жеті жасар бала да бар. Олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жол апатының себебі мен басқа да мән-жайлар анықталу үстінде.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары қолға алынды (жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралын пайдалану кезінде абайсызда кісі өліміне әкеп соғуы). Сараптама тағайындалды.

Өскемен
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік