Талғарда пышақтасумен тынған төбелес видеоға түсіп қалған

Сурет: Instagram/kris_p_talgar_2
Әлеуметтік желіде бірнеше жас жігіттің алдымен өзара сөзге келіп, төбелесіп, содан соң пышаққа кезек берген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода үш жігіт үйінің алдындағы орындықта отырған адамдарға тап береді. Жанжал подъезде әрі жалғасады. Ақырында пышаққа кезек беріледі.

Полиция аталған оқиғаға қатысты берген түсініктемесінде оның 12-сінен 13 маусымға қараған түні Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында "Аспан Сити" тұрғын үй кешені алдында болғанын айтты.

Фактіге сәйкес, ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық тергеу амалдары қолға алынды. Іс материалдарында зардап шеккендер ретінде бес жергілікті тұрғын көрсетіледі, олардың екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Алматы облысының баспасөз қызметі

Қазір полиция қызметкерлері видеоны зерттеп, куәгерлерден сұрақ-жауап алуда. Күдіктілердің бірі анықталып, ұсталғаны айтылады. Төбелеске қатысқандардың қалғанын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады