Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінде басшылық қызметке ие болды

Сурет: Facebook/Канат Таймерденов
Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қанат Таймерденов ҚР Ішкі істер министрлігінде лауазымды қызметке ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қанат Таймерденов ҚР ІІМ Орталық аппаратына басшылық қызметке ауыстырылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол Алматы қаласы ПД бастығы қызметін 2020 жылдың қаңтарынан бастап атқарды.

Қанат Таймерденов 1974 жылы 7 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген.

Мамандығы бойынша заңгер, 2003 жылы ІІМ академиясын бітірген.

Таймерденов органдағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында офицер қызметінен бастады. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды. Ол Алматы полиция департаменті басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысының полиция департаментін басқарды.

Қазақстан
Таймерденов Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады