Павлодар облысында өзіне қарамай қойған қыздың ата-анасын жігіті өлтіріп кетті

Сурет: Zakon.kz
Қайғылы жағдай Тереңкөл ауданының Береговое ауылында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 02.10-да Мир көшесіндегі жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы ер адамның пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар денелері табылды, делінген Pavlodarnews.kz хабарламасында.

Марқұмның кәмелетке толмаған баласы аман қалды, ол бөлмелердің біріне  тығылып қалған. Аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес - «екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады. 

Аталған қылмысты тергеумен Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысады.

Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды