"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, алдағы сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ жекелеген аудандарда жауын-шашын, суық болатыны да болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, мына өңірлерде күн күрт суытып, үсік жүреді деп күтіледі, ауа температурасы: -1...-8°С:
- Жетісу облысында,
- Жамбыл облысында,
- Алматы облысында,
- Түркістан ооблысының батысында,
- Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең ауқымды антициклон ықпалында болып, оған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұман жатқызылады, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктеріндегі аудандарында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript