Нұр-Сұлтанда көшедегі біреуге телефонын бергісі келмеген жігіт 4 тісінен айырылды

Сурет: pexels
Нұр-Сұлтанда көшеде кетіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған кісі тонаушы ұсталды. Қаскүнем 18 жастағы жігітті жұдырықпен бір қойып, 4 тісін бірдей қағып түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны көшеде белгісіз біреу оған шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алғаны туралы арызданған.

Белгілі болғандай, жас жігіт сағат 23.00 шамасында Есенберлин көшесінде ұялы телефонымен сөйлесіп келе жатқан. Осы уақытта күдікті өзіне жақындап келіп, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды өтінді. Жас жігіт телефонын беруден бас тартқан. Бұған жауап ретінде қаскүнем жағынан бір қойып, құны 100 мың теңге тұратын телефонын алып, қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 34 жастағы күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды