«70 мың теңге» қашып барады! Елордада көше ортасында жүрген қой видеоға түсіп қалған

Сурет: pixabay
Бұл оқиға 8 шілдеде сағат 15:27 шамасында Қабанбай батыр даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысындағы жолда орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда көшесін кезген қойдың видеосы желіде тарады. Желі қолданушылардың басым бөлігі мұны әзілмен қабылдап, Құрбан айтта пышақтан аман қалған қойға, тіпті қолдау да білдірді:

– 70 мың теңге қашып барады!

- Ботаникалық баққа барып, бұталардың арасына тығыл!

– Пышақтан аман қалған қой!

- Соңына дейін күрес!

- Ауылдан қашу! Жақында барлық кинотеатрларда!

Видеоны елордалық полицейлер де өз наразына алып, оқиға орнына барғанымен, "тәртіп бұзушыны" да, оның иесін де таба алмады.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жақын маңдағы полиция жасағын оқиға орнына жіберді. Тексеру барысында жол бойынан үй жануары табылмады. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды