Оралда қарттар үйінің тұрғыны өз бөлмесінен асулы күйі табылды

Сурет: pixabay
9 шілдеде кешке Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) 61 жастағы тұрғыны өз бөлмесінде асулы күйі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған алғашқы көмек көрсетілді, бірақ одан нәтиже болмады. Қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне сәйкес, қызмет тұтынушы қайтыс болған жағдайда тиісті орандар хабардар етіледі, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасап, "Мой город" порталы.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметкерлерден сұрақ-жауап алынғандығы айтылады. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері 11 шілдеде белгілі болады. Осыдан кейін іс бойынша қорытынды шығарылады.

Белгілі болғандай, марқұм қарттар үйінің тұрғыны - екінші топтағы мүгедек. Ер адам 2008 жылдың 8 ақпанында Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп түскен.

Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Биылғы мамыр айында ол облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем алды. Оралда тұратын балалар бар, - деп нақтылады орталықтағылар.

Полиция аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 105-бабы, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды