Атырауда аттракциондағы әткеншек жібі үзіліп, балалар зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат оқыс оқиға кеше, 16 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 22:30 шамасында болғанын хабарлайды.

Мұнайлы шаһардың тұрғындары кешкі серуен кезінде балаларын аттракционға отырғызған. Алайда, әткеншек бірден тоқтап, орындықтар бекітілген желі үзіліп кеткен.

Қазір аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Аттракцион әткеншегінің үзілуінен зардап шеккен балалар жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аурухана дәрігерлерінің тексеруінен соң балалар үйлеріне жіберілді. Аталған аттракцион Жайық өзенінің жағалауындағы Жастар саябағында орналасқан.

Соңғы бір жыл бойы тоқтап тұрған «Керемет жағалау» аттракционы биыл іске қосылған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін