Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 17:01 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты, деп хабарлаййды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласы маңында болған көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың туған-туыстарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, бауырлас Мысыр халқына қолдауын білдірді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 25 қарашада Каир қаласына жақын Гиза провинциясының Эль-Варрак ауданындағы айналма жолда мұнай өнімдерін тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді. Өрт жалындары өзге көліктерге де тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, 27 көлік түгел жанып кеткен. Қайғылы оқиғадан 31 адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: