Тоқаев Иран Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының "Шахид Раджаи" теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.
Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript