Тоқаев Бразилия Президентіне көңіл айтты

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2024 14:01 Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.


"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", - деп жазылған жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: