Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты.
Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.
Еске салайық,2026 жылғы 7 қарашада Польшаның Краков қаласындағы Бас базар алаңы маңында атыс болды. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 12 адам ауыр жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында екі полиция қызметкері бар.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұстау кезінде жараланған. Ол Польша армиясының бұрынғы әскери қызметкері болып шықты. Шабуыл жасаған адам нөмірсіз көлікпен жүріп, ұзын ұңғылы қарудан оқ атқан.
Күдікті ұсталғаннан кейін оның үйінен тағы бірнеше адамның мәйіті табылған. Бұл ақпарат ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы алынған. Қазір аталған дерек тексеріліп жатыр.
Кіші Польша воеводствосының басшысы Ян Кленчар Polsat News телеарнасына берген сұхбатында қаза тапқандар санын растады. Польша премьер-министрі Дональд Туск болған оқиғаны теракт деп атады. Қазір құқық қорғау органдары шабуылдың мән-жайын анықтап жатыр.